Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Атырау: Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің резерві жасақталды

762 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атырауда 600-ден астам медицина қызметкері үш стационарда жұмыс істеуде.

Атырау: Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің резерві жасақталды

Қазір инфекциялық стационарда науқастарды 38 дәрігер, 60 орта, 60 кіші медицина қызметкері емдеп жатыр. Провизорлық стационарда жұмыс істеуге 40 дәрігер, 76 орта және 76 кіші медицина қызметкері тартылған. Ал, карантиндік стационарда 54 дәрігер мен 216 орта және кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді.

- Қажеттілік туындаған жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлер резерві жасақталды. Мәселен, инфекциялық стационар үшін 3 дәрігер, 12 орта және кіші, провизорлық стационарға –2  дәрігер, 16 орта және кіші, сондай-ақ, карантиндік стационарда жұмыс істеуге 6 дәрігер мен 22 орта және кіші медициналық қызметкер дайын отыр, - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ

АТЫРАУ