- коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар, жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;
- тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған адамдар;
- науқастармен әлеуетті байланыста болған адамдар;
- коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
- карантиндік аймақтардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тапсыра алады.
Экспресс-тестілердің дұрыстығы 90%-дан кем емес.
ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.