Сонымен қатар қытай дәрігері коронавируспен ауырып, сауыққан адамдардың да жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, дерт жұғып, сауыққан адамдардың тыныс алуы бұрынғысынан 20-30 пайыз төмендеген. Ол қатты қимыл жасап, жүгірген кезде байқалып жатыр. Бұл - уақытша құбылыс. Бұдан бұрын SARS жұқпалы індетін жұқтырған адамдардың да өкпесі нашарлап, 6-12 айдың ішінде сауыққан деді.
Қытай дәрігерінің жоғарыдағы індеттің тізгінделу уақыты жайлы болжамын басқа елдің вирусолог мамандары да қолдап отыр. Айталық, ДДСҰ-ның ерекше бағдарламалар жөніндегі директоры Майк Райан өткен аптада ұйымдастырылған баспасөз конференциясы кезінде Еуропадағы ахуал тұрақтана бастады, яғни бұл жалпы құрлықтық карантин ережесінің нәтижесі деді.
Сол сияқты, Уашингтон университетінің Денсаулық сақтауды бағдарлау орталығы осы айдың 20-нан кейін дерттің беті қайта бастайды деген болжамын жариялады.