Білім • 04 Сәуір, 2020

ҚазҰУ-де «Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті

16 реткөрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының ұйымдастырумен «Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті.

Олимпиада нәтижелерін БҰҰ-ның Ғаламдық коммуникациялар бөлімінің басшысы Властимил Самек басқарған конкурстық комиссиясы қашықтықтан қорытындылады. Олимпиаданың тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - тұрақты даму мақсатымен байланысты, делінген университеттің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қатысушылар екі тапсырма бойынша дайындалды. Біріншісі - команданың бейне визит картасын дайындау. Онда олар қазіргі кездегі өзекті мәселелерді талқылап, оны шешудің жолдары мен идеяларын ұсынды. Екінші міндет – «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы Қазақстанның дамуының стратегиялық жоспары».

Студенттер өздерінің кәсіби және жеке әлеуеттерін, шығармашылық қабілеттерін, өзіндік ерекшеліктерін, талдау, логикалық ойлау және өз көзқарасын дәлелдей білді. Олимпиадаға бес жоғары оқу орнынан 13 команда қатысып, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша топтарға бөлінді.

Қашықтан өткізілген «Аймақтану» мамандығы бойынша олимпиадасының қазақ бөлімі командалары арасында бірінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері (Абзал Сыдық, Гүлбаршын Мұхаметқали, Қорлан Жүсүпбаева) жеңіп алды. Топ жетекшісі –  А.Е. Рахметова.

Екінші орын Абылай хан атындағы ҚазХҚ мен AlmaU университетінің студенттер командалары қанжығасына байлады (Назерке Саматова, Мадина Нұраханова, Айзада Пернеқұл). Ал үшінші орын Л. Гумилев атындағы ЕҰУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттер командасына бұйырды.

Орыс бөлімі арасынан  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері командасы ең мықты болып атанды (Дастан Жамикешев, Айжан Есенбекова, Айдана Оңалбаева). Топ жетекшісі, аға оқытушы А.Н.Бакирланова.

Екінші орынды Л. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ студенттер командалары бөліп алды.

Ал AlmaU университетінің студенттер командасы (Жания Пеисова, Әділет Парпиев, Ырысжан Агисова) үшінші орынды иеленді. Топ жетекшісі – доцент В. Осколков.

Ағылшын тілінде сайысқа түскен командалар арасында Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттер командасы (Диана Қасымова, Диана Маратова, Бауыржан Мұқатай) алдыңғы шептен көрінді. Топ жетекшісі – доцент М. Болысбекова.

Жақсы нәтиже көрсете білген ҚазҰУ және AlmaU университетінің студенттер командалары екінші орынға жайғасты. Үшінші орын Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ студенттер командалары жеңіп алды.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Кооператив көпке керек

Аймақтар • Бүгін, 10:39

Жолдыбайдағы жол жөнделмей тұр

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Гаджетті жиі сүрткен де зиян

Технология • Бүгін, 07:48

Ла Лига 8 маусымда басталады

Футбол • Бүгін, 07:33

Күнгей мен көлеңке

Руханият • Бүгін, 07:05

Пәкістанда ұшақ құлады

Әлем • Бүгін, 07:05

Ет экспорттайтын елде ет қымбат...

Экономика • Бүгін, 06:50

Бір әулеттің тағдыры

Тарих • Бүгін, 06:42

Ең табысты теннисші

Теннис • Бүгін, 06:35

Ұқсас жаңалықтар