Коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдардың арасында бесеуі тұрақты ауыр жағдайда, үш науқастың өкпесі жасанды вентиляциялық аппаратқа қосылған.
Басқарма басшысы ем-дом шаралары клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Қалған емделіп жатқан адамдардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу шаралары жалғасуда», - деді С. Қисықова.
Оның сөзіне қарағанда, 4 сәуірдегі жағдай бойынша елордада инфекциялық стационарларда 862 адам жатыр, соның ішінде балалардың саны — 44.
Қала бойынша коронавирус инфекциясының 202 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 186 адам стационарда, 17 адам емделді, бір адам індеттен қайтыс болды.