Қоғам • 04 Сәуір, 2020

Алматы әкімі жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы жаңадан басталған провизорлық госпитальдің құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.

Алматы әкімі жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді

Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын.

Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен тұрғызылатын нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі болады.

Мұндай блокты құрылыс жабдықтары аталған госпитальды осынау сын сағатта аз уақыт ішінде салып бітіруге мүмкіндік береді.

Госпиталь коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және қатерлі індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдарға арналған.

в

«Мұндай госпитальдар бізге індет жұқтырған жандарды дер кезінде анықтауға, оларды дереу оқшаулап, уақтылы әрі жүйелі ем-дом қабылдауына мүміндік береді. Сөйтіп біз қатерлі инфекцияның белең алуына жол бермей, қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұратын боламыз», – деді Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев.

Аталған нысанның жоспарымен және сызбаларымен танысқан Бақытжан Сағынтаев бүгінде орнын тегістеу жұмыстары басталып кеткен жаңа госпитальдің құрылыс алаңын мұқият қарап шықты.

а

Сондай-ақ, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірлесіп госпитальға аса қажетті құрал-жабдықтар мәселесін де пысықтауды тапсырды.

Мердігер компания өкілдеріне қолға алған барлық жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді жүктеді.

 

АЛМАТЫ