Коронавирус • 04 Сәуір, 2020

Шымкент аумағынан өткен транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус індеті анықталды

772 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ол 1964 жылы туылған Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны.  

Шымкент аумағынан өткен транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус індеті анықталды

Науқас 28 наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына  жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші  «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде шұғыл ауруханаға жатқызылған. 

Ал, транзиттік көлікті ары қарай айдап кеткен ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.

Бұл Шымкентте тіркелген 13 жағдай. 

 

ШЫМКЕНТ