Қоғам • 04 Сәуір, 2020

Шымкент: Сыбайлас жемқорлық жағдайларын жоюға арналған брифинг өтті

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті төтенше жағдай кезінде онлайн жұмыс форматына көшті.

Шымкент: Сыбайлас жемқорлық жағдайларын жоюға арналған брифинг өтті

Осы ретте әлеуметтік желілер арқылы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсыныс қаралды (ҚПК-нің 200-бабы шеңберінде).

Брифингке департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев пен К.Қабылбеков қатысты.

Іс-шара барысында Шымкент қаласында орналасқан облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Брифинг барысында А. Жұмағали төтенше жағдай кезінде департаменттің жұмысына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Өз баяндамасында К. Қабылбеков қылмыстық істің мән-жайын айтып, алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу шараларын ұсынды.

К.Қабылбековтың айтуынша, бұрынғы бас дәрігер үлестес кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру, сондай-ақ іс жүзінде жүргізілмеген адвокаттық қызметтер үшін 680 мың теңге сомасында ақша қаражатын аудару жолымен бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Сонымен қатар, Т. Серікбаев қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарды түсіндірді.

Айта кетейік, ұсынымдарды онлайн форматта қарау тұрақты негізде жүргізілетін болады.