Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Жетісайлық жомарт жандар

53 реткөрсетілді

Түркістан өңірінде ең көп індет жұқтырған Жетісай ауданының тұрғындары болып отыр. Бұл жәйт жергілікті жұрттың жүйкесіне кері әсерін тигізіп жатқаны да жасырын емес. Дегенмен қиын сәтте қол ұшын созып қамыққан көңілді демдейтін қайырымды жандардың бары қуантады.

Жетісай ауданындағы «Алаулы» ЖШС басшысы Болат Тілеужанов пен кәсіпкер Бақтияр Қозыбаев аудандағы тұрмысы төмен және көпбалалы 100 отбасының әрқайсысына 20 мың теңгеден тегін азық-түлік таратты. Қайырымдылыққа жұмсалған қаржының жалпы сомасы 2 млн 160 мың теңге болады.

е

«Бүгінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халық қиындықтарды бастан өткеріп жатыр. Осындай қиын шақта облысымыздың қалталы азаматтары халыққа көмек қолын созуда. Арнайы қорға қыруар қаржы аударып жатқан кәсіпкерлеріміз де аз емес. Біз де осындай игі істен шет қалмай 100 отбасыға аз да болса көмек беруді жөн көрдік. Ең бастысы-індеттің алдын алып, еліміз ауру-сырқаудан аман-есен шықса екен» дейді Болат Тілеужанов.

Қос кәсіпкер, сондай-ақ, 50 отбасыға 50 келілік ұн да таратты.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Майдан даласынан табылған бәкі

Аймақтар • 23 Мамыр, 2020

Ұқсас жаңалықтар