- 4 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде вирусты жұқтырған 1 адам бар, - деді Біржан Досмаилов. – 1988 жылы туған азамат жеке боксқа жатқызылған. Қазір денсаулығы жақсы. Бұл жігітпен байланыста болған 34 адамның бәрі тексерістен өткен.
Сонымен бірге, Коронавирус жұқтырған азаматпен байланыста болған адамдардың 29-ы біздің облыста болса, 3 адам – Нұр-Сұлтан қаласында, 2 адам – Ақмола облысында.
Ал жанама байланыста болған тағы 120 адамның 86-сы біздің өңірде үйлерінде бақылауға алынған. Қалғандары басқа өңірлерде. - Қазір өңірде 1645 адам індетке қатысты бақылауға алынған. Ал, 696 адамнан бақылау алынып тасталды. Қазір 949 адам бақылауда,33 адам стационарда, 916 адам үй карантинінде, - деді Біржан Досмаилов.
ПАВЛОДАР