А.Б.Сәрінжіповті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 2 қыркүйек. №633

Аслан Бәкенұлы СӘРІНЖІПОВ
1974 жылы туған. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Вена дипломатиялық академиясын, Пенсильвания (АҚШ) университетін бітірген. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғары білім әкімшілігі саласының докторы.
Еңбек жолын Орталық Азия Мемлекетаралық кеңесінің атқарушы комитетінде референт болып бастаған. 1997-2002 жылдары Сыртқы істер министрлігі жүйесінде экономика мәселелері жөніндегі атташе болып жұмыс істеді. 2002-2007 жылдары Дүниежүзілік банк жобаларының үйлестірушісі, 2008-2009 жылдары «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық банк жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ-тың Алматы қаласындағы өкілдігі директорының – басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2009 жылғы қазан – 2013 жылғы маусым аралығында «Назарбаев Университеті» дербес ұйымы атқарушы кеңесінің төрағасы болды. 2013 жылғы маусымнан бастап «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының «NURIS» жеке мекемесі байқаушы кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды.