Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Түркістан: Бес жасар балдырған вирусты анасынан жұқтырған 

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды.

Түркістан: Бес жасар балдырған вирусты анасынан жұқтырған 

Соңғы тіркелген екеудің бірі бес жасар, яғни 2015 жылғы балдырған Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында пойызбен келген әйелмен жақын байланыста болған. Сондай-ақ 1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг жасау барысында анықталған.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы өңірде Жетісай  ауданында – 13,  Кентау қаласында – 2, Арыс қаласы – 2, Ордабасы ауданында –1, Сарыағаш – 1, Мақтаарал – 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталып отыр.

 

Түркістан облысы