Дегенмен Құрбан ата ауылының тұрғындары жаман індеттің алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауылдың кіреберіс қақпасына блок-бекет орнатты. Тұрғындар ақылдаса келе осындай шешім қабылдаған. Ауылдың Жетісай қаласына жақын орналасуы және келімді-кетімді адамдардың көптігі де блок-бекет орнатуға себеп болса керек. Бүгінде Құрбан ата ауылында 300 ден астам үйде 2793 адам тұрады. Қазіргі таңда ауылға тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында кіріп-шығатын көліктер тіркеуге алынып, түгелдей дезинфекциядан өткізілуде.
Түркістан облысы