- Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасына сәйкес кеше карантиндегі тұрғын үй кешенінде тұрғындармен жиын өткіздік. Кездесу барысында бірінші кезекте біз азық-түлікке өте мұқтаж адамдарды анықтадық. Өйткені, карантиннен бөлек тұрғындардың көпшілігі жұмыссыз қалды. Оған қоса алдағы уақытта шешімі қарастырылатын бірқатар тұрмыстық мәселелер талқыланды.Біз оларға бұдан былай да қолдау көрсетеміз. Мұқтаж адамдардың тізімі басқарушы компаниялардан келіп түсуде. Азық-түліктен басқа тұрғын үй кешеніне 10 мыңдай бір реттік маскалар апарып берілді. Олар тегін таратылуда, - дейді облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бірінші кезекте көп балалы, аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, қарт адамдар және жұмыссыз қалғандар сияқты халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары ескерілді. Тұрғын үй кешеніне азық-түлік тарату ісіне кешенде тұратын тұрғындар арасынан шыққан волонтерлар белсенді қатысуда. Алғашқы азық-түлік пакеттері 1215 адамды қамтитын 240 пәтерге берілген.
Алматы облысы