Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Атырау: 721 адамға 42500 теңгенің әлеуметтік төлемі берілді

190 реткөрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 1200 адам өтініш беріпті.  Қазір өңірдің 721 адамына  42500 теңге әлеуметтік төлемін алған.

«Жеке адамдар мен мекемелерден өтініш сайт арқылы электронды түрде қабылданды. Сонан соң өтініштер арнайы қаралды. Шағын кәсіпорындардан түскен құжаттар облыстық штабқа жолданды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар мен азаматтардың құжаттары «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына жіберілді. Осының негізінде олардың мәліметтері есепке алынып, әлеуметтік төлем тағайындалды» деп хабарлады облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

 

 Жұмасат ҒАЗИЗ

Атырау облысы

 

 

Соңғы жаңалықтар

Covid-19: Тағы 3 адам көз жұмды

Коронавирус • Кеше

Covid-19: 184 адам жазылып шықты

Коронавирус • Кеше

Нүкте философиясы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар