Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Мас пациент ауруханадан изоляторға ауысты

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылының полиция бөліміне іргеде орналасқан ауруханадан шақырту түскен. Бірақ, оқиғаға ешқандай күлкі мен қалжың араласпаған. Ауруханда ем алып жатқан науқас шынымен шатақ шығарып, дәрігерлермен төбелескен екен.

Алматы облысы: Мас пациент ауруханадан изоляторға ауысты

Араққа тойып алған ауру шақыртумен келген учаскелік полиция инспекторына да жұдырық жұмсап жіберіпті. Асау науқасты сабасына түсіру үшін қосымша патруль шақыруға тура келген.

Қазір бұзақы ауруханадағы жылы орнын Уақытша ұстау изоляторына ауыстырыпты. Оның үстінен қоғамдық орындағы тәртіпті бұзу мен билік өкіліне күш қолдану дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-тармағына сәйкес іс қозғалған.

 

Алматы облысы