Науқастардың барлығы эпидемиологиялық қауіпсіздік іс-шаралары қатаң сақтала отырып оқшауланған және қазіргі уақытта олар тиісті ем-дом алып жатыр.
«Жаман тымау» жұқтырғандардың үшеуі ауыр халде екен, ал біреуінің денсаулығы орташа ауыр жағдайда.
Қазіргі уақытта облыста коронавирустен көз жұмған науқастың аралас-құралас болған жақын таныстарын анықтау жұмыстары жалғастырылуда.
Жалпы Қарағанды облысында 1339 адам үй карантиніне жатқызылған. Ал 824 науқас тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында.
Қарағанды облысы