Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Павлодарға Түркиядан ұшып келген 102 адамнан COVID-19 белгілері табылмады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

- Отандастарымыздың ешқайсысынан COVID-19 белгілері табылған жоқ. Барлығының дені сау. Енді олар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, - деді БАҚ өкілдерімен өткен жиында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Біржан Досмаилов.

Павлодарға Түркиядан ұшып келген 102 адамнан COVID-19 белгілері табылмады

Мәлімдеуінше, Түркиядан келген 102 қазақстандық қазір  карантиндік госпитальда оқшаулануда.

Ұшып келушілер арасында біздің өңірдің және көршілес облыстардың тұрғындары да бар.

Біржан Досмаиловтың айтуынша, олардың барлығы да медициналық арнайы сараптамадан өткен.

Ал қазір өңірде 1645 адам індетке қатысты бақылауға алынса, 696 адамнан бақылау алынып тасталды.  Қазір 949 адам бақылауда, 33 адам стационарда, 916 адам үй карантинінде.

 

ПАВЛОДАР