Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Ауыл ауруханасына жасанды тыныс алу аппараты қойылды

854 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылындағы орталық аурухана ғимараты күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Елу жыл бұрын салынған нысанға содан бері бірде-бір рет құрылысшылардың қолы тимеген екен.

Алматы облысы: Ауыл ауруханасына жасанды тыныс алу аппараты қойылды

Бұрын аудан орталығы болған Шелек ауылындағы үлкен аурухананың ахуалы жайында баспасөзде жазылып, әлеуметтік желіде көтерілген болатыні. Істі өз бақылауына алған облыс әкімі Амандық Баталов ғимараттың жөндеу жұмысын жедел аяқтауды міндеттеген. Міне, енді тұрғындарға жаңа заманғы үлгіде жөнделген аурухана есік ашты.

Ғимаратты жаңғыртуға республикалық бюджеттен 484 млн теңге және облыстық қазынадан 196 млн теңге қосымша қаржы жұмсалды. Бұл қаражатқа құрылыс жұмысынан бөлек аурухана маңын көріктендіру жұмысы жүргізіліп, ем алушыларға сапалы қызмет көрстуге қажетті барлық медициналық құрылғылар да сатып алыныпты. Қазір орталық ауруханда 2 операция залы жаңадан ашылған. Емхана соңғы үлгідегі рентген аппараты, ультра дыбыстық зерттеу кабинеті мен басқа да науқас бойындлағы дертіт ерте анықтауға арналған құрылғылармен жабдықталды. Тіпті, ауылдық ауруханаға кейбір аудан орталығының қолы жетпей отырған жасанды тыныс алу аппараты қойылған. Ал ауруханада 180 адам жатып ем-дом қабылдаса, емханаға келген 310 қаралушыға бір мезетте дәрігер тексеруінен өте алады. Қажетті мамандар да жеткілікті екен. Қазір Шелек ауруханасында 555 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 73 дәрігер, 269 орта деңгейлі медицина қызметкері бар.

 

Алматы облысы