Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Еңбекшіқазақ ауданының еріктілері 71 отбасыға қайырым жасады

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісуда ерікті жастардың еңбегі жанып тұр. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде көмеке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуды парыз санаған жастар күн сайын жақсылық жасауға тырысып жатыр. Солардың қатарында Еңбекшіқазақ ауданының волентарлары да бар.

Еңбекшіқазақ ауданының еріктілері 71 отбасыға қайырым жасады

Қазір өңірде «Біз біргеміз» акциясы аясында қайырымдылық шарасы бастау алған. Ерікті жастар көпбалалы, жалғызбасты және тұрмысы төмен отбасыларды қажетті азық-түлікпен, медициналық бетпердемен қамтамасыз етуге жұмылуда. Акция басталғалы бері еңбекшіқазақтық волентерлар 71 отбасыға көмек жеткізіп, жалпы құны 1 млн теңгеден астам қажетті заттар мен азық-түлік табыстаған.

– «Біз біргеміз» акциясына аудан жастары белсене қатысуда. Әсіресе, Қанат Теңгебайұлы бастаған «Иманды жастар» және Данияр Нүсіпжанұлы жетекшілік ететін «Жақсылықта жарысайық» еріктілер тобын жақсылық жасауға ынталы. Олар үйді-үйге азық-түлік, гигиеналық заттар жеткізіп берумен қатар мұқтаж жандарға қаржылай да көмектесуде. Жақында еріктілер аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Ұзақберген Ерлан атты бүлдіршінің еміне қажетті 500 000 теңге қаражат жинап берді, – дейді Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев.

 

Алматы облысы