Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Елордада карантиннен шыққан өзге аймақ өкілдері үйлеріне қайтуда

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі 14 күн бойы карантинде болған басқа қаланың азаматтарына арнайы көлік бөлді. Барлық азаматтар шет елден ұшып келгендер. Азаматтардан коронавирус анықталмаған, енді олар Алматы, Павлодар, Петропавлов, Қарағанды және де басқа қалаларға өз үйлеріне қайтатын болды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада карантиннен шыққан өзге аймақ өкілдері үйлеріне қайтуда

«Біз 24 наурыз күні Дубайдан ұшып келдік. Дәл сол күні карантинге «Ramada Plaza» қонақүйіне орналастырды. Қонақүйде болған 14 күн ішінде коронавирусқа байланысты бірнеше рет сараптама жасады. Барлығы жақсы болды», - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Әйгерім Оразалина.

Қарағандылық Ирина Лехман Нұр-Сұлтанға Германиядан ұшып келген. Қалаға түскеннен кейін басқа да жолаушылармен бірге «Ramada Plaza» қонақүйіне орналастырылған. Карантиннің келесі күндерінде ауруханада болған.

«Бізге бірнеше мәрте сараптама жасалды. Барлығы да теріс нәтиже көрсетті. Қонақүйдің тағамдары, бізді күткен медицина қызметкерлері де өте жақсы болды. Барлығы үшін ризашылық білдіреміз», - дейді Ирина Лехман.

Өзге қалаларда тұратын азаматтар үйге қайту үшін көлік ұйымдастырғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне алғыс білдірді.