Оған қоса, жаңадан анықталған 6 оқиға бұрынғы жұқтырғандармен байланыста болғандар.
Қазіргі уақытта қаланың жұқпалы аурулар стационарларында COVID-19 диагнозы бар 96 пациент бар, оның ішінде бір әйел адам Алматы облысының тұрғыны.
79 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – өте ауыр, 2 адамда – ауыр, 13 ересек адамның жай-күйі – орташа.
Бүгін коронавирустық инфекциядан сауығып қалған тағы екі пациент ауруханадан шығарылды. Бұл 1997 және 1998 жылғы қыздар. Олардың бірі 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған.
Бүгінгі күні мегаполисте жалпы 21 пациент сауығып жазылды, оның ішінде 2-уі – бала. Олардың барлығы 14 күндік үй карантинінде.
Қазіргі уақытта провизор орталықтарында 521 адам бар, оның ішінде 79-ы – бала. Екі күндік карантинде – 390 адам (48 бала), үй карантинінде – 4805 адам отыр.
АЛМАТЫ