Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Қауіпсіздік шарасы: Бекетті айналып өтпек болғандар мен алаяқтар азаймай тұр

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезіндегі темірдей тәртіпке қарамастан адамдардың сеніміне кіріп, алдап кетуге тырысатындар қатары азаймай тұр екен. Жақында Талдықорған қаласында азық-түлік дүкендеріне арзан бағада тауар жеткізіп беретін фирмалардың атын жамылған алаяқ ұсталды.

Қауіпсіздік шарасы: Бекетті айналып өтпек болғандар мен алаяқтар азаймай тұр

Ол дүкен иелерімен жалған келісім жасап, тауарға қажетті қаржының бір бөлігін алдын алып кетпек болған. Алаяқтың әрекеті күдік тудырғасын дүкеншілер полицияға хабар беріпті. Қолға түскен жылпос кінсін мойындаған, енді оны сот күтіп тұр.

Айтпақшы, өңірде қауіпсіздік шарасы күшейіп, елді мекендердегі сауда-саттық орындарының жұмысы шектелген болатын. Сондай-ақ, ауылдарға кіріп, шығатын жолдарға шектеу қойылған. Бұл талап карантиндік аумақтан басқа аудандарға да тән. Өкінішке қарай, осы қауіпсіздік талабына бағынғысы келмейтін адамдар да табылып тұр.

Өткен бір тәулікте облыс полицейлері төтенше жағдай тәртібін бұзуға байланысты 20 дерек тіркепті.Оның ішінде азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындарының жұмысын заңсыз жалғастыру мен тиым салынға аумаққа кіруге әрекет жасаушылар көп екен. Мысалға, Кеген ауданында 4 такси жүргізушісі сантарлық бекетті айналып өтпек болғаны үшін ұсталса, Іле ауданы мен Панфилов ауданында бірнеше сауда орны қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін айыппұл төлейді.

 

Алматы облысы