Әлем • 06 Сәуір, 2020

Короновируске қатысты «Covid-19 Hub» сайты іске қосылды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Юнус Эмре институты Түркия Республикасы Президенттік  әкімшілігінің  қамқорлығында  Түркияның академиялық  және ғылыми ынтымақтастық (TABİP) жобасы аясында COVID19-ға тойтарыс беру үшін  жұмылып жатқан тараптарды ең соңғы ғылыми жұмыстар мен  теxнологиялық  жаңалықтарды сенімді ақпаратпен  қамтамасыз ету үшін  «Covid-19 Hub» атты платформа ашты.   

Короновируске қатысты «Covid-19 Hub» сайты іске қосылды

Қолданушылар covid19.tabipacademy.com атты сайтта көптеген категория бойынша жүздеген мақала мен анализді ақысыз түрде пайдалана алады.

Юнус Эмре институты короновируске қарсы жүргізіліп жатқан ғылыми және теxнологиялық күреске  осы ауқымды платформаны қолдана отырып, өз үлесін қосуды көздейді. Ең соңғы жаңалықтарды, мәліметтер мен нәтижелерді негізгі қайнаркөздерден жинақтап,  оларды жүз мыңдаған науқастың  өмірін құтқару, вирустың таралуын тоқтату үшін уақытпен жарысып жатқан ғалымдар, дәрігерлер, медициналық жабдықтарды өндірушілер мен барлық әріптестерге ұсынады. Сондай-ақ короновируске қарсы жүргізілетін ғылыми және теxнологиялық күресті жеделдетеді. Біз уақыт жоғалтпай,  осы қысылтаяң кезеңде алдымен Түркияның ауруға қатысты ең үздік  нәтижелері мен сондай-ақ Юнус Эмре институтының әлемдегі  желілерін қолдана  отырып  Жапония, Оңтүстік Корея, Германия  мен АҚШ-қа дейінгі барлық елдердегі үздік тәжірибелерді  адамзаттың игілігіне жаратуды көздейміз.

Әлемнің барлық елдерін ықпалына алған  короновируске қарсы жүргізіліп жатқан күреске бір кісідей үлес қосу барлығымыздың міндеті, бұл  өте маңызды. Аталған сайтты ары қарай жетілдіре отырып,  жүргізіліп жатқан осы күреске  қолдау көрсеткісі келетін  баршаңыздың пікір, ұсыныс және қолдауларыңызды  күтеміз.