Руханият • 06 Сәуір, 2020

Ұлттық музейде «Жәдігер» жобасы іске қосылды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасын қолдау мақсатында Ұлттық музей карантин кезінде онлайн режимде қызмет көрсетеді. Осыған сәйкес тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, экспонаттарды таныту және дәріптеу мақсатында «Жәдігер» жобасы қолға алынды.

Ұлттық музейде «Жәдігер» жобасы іске қосылды

Арнайы дайындалған «Жәдігер» роликтері арқылы музейдің байлығы саналатын асыл құндылықтар туралы мағлұмат беріледі.

«Қасиетті Қасзақстан» ғылыми-зертеу өлкетануды дамыту орталығы дайындаған бейне роликтерде еліміздің киелі жерлері туралы ақпараттар бар. Сонымен қатар музей мамандары онлайн режимінде түрлі тақырыптар бойынша дәріс оқиды. «Абайдың нақыл сөздері» де күнделікті көпшілік назарларына ұсынылуда. Музейдің экспозициялық залдарымен жақын танысу үшін арнайы виртуалды экскурсия дайындалды.