Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Түркістан: Кәсіпкер әлеуметтік қорға 25 млн теңге аударды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Nur Otan партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда. Көмекке аса мұқтаж тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы акцияға өңірдегі кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары мен меценаттар атсалысуда. Солардың бірі – белгілі кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева «Түркістан» әлеуметтік-корпоративтік даму қорына 25 млн теңге аударды.

Түркістан: Кәсіпкер әлеуметтік қорға 25 млн теңге аударды

 «Мемлекет тарапынан індетті таратпау, елдің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл қиын сәтте елдің әрбір азаматы қоғамға қолдан келген көмегін көрсетуі тиіс деп есептеймін. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, сабыр сақтай білсек, бұл қиындықтан да шығамыз», дейді «Береке-А» корпорациясының басшысы Рәшкүл Оспанәлиева. Акция бойынша өңірдің аудан, қалаларында 2 мыңнан астам отбасыға азық-түлік, гигиеналық және медициналық заттар таратылуда. Бұл міндетті орындауға Nur Otan партиясы филиалдарының өкілдері, «жасотандықтар» және еріктілер тартылған.

Сондай-ақ Кентау қаласының тумасы, «Аделя» шаруа қожалығының төрағасы Абдиашим Закирұлы жерлестеріне қияр және қызанақ жөнелтіп, қолдау көрсетті. Кәсіпкердің 18 тонна тартуы кентаулық 5500 мұқтаж тұрғынға үлестірілуде. Жаны жомарт жан алдағы уақытта тағы да көмек қолын созуды жоспарлап отыр.

 

Түркістан облысы