03 Қыркүйек, 2013

Оңтүстікте үй жануарларына қатысты жаңа ереже қабылданды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

It pen mysikОңтүстік Қазақстан облысында қабылданған жаңа ережеге сәйкес, көпшілік дем алатын орындарда үй жануарларын серуендетуге тыйым салынды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Үй жануарларына қатысты жаңа ереже төрт бабтан тұрады. Ол бойынша бір отбасы екеуден артық ит пен мысық асырай алмайды. Сондай-ақ, мектептер мен балабақша маңында және саябақтар мен тамақтанатын орындарда иттерді қыдыртуға мүлдем тыйым салынған. Мұнан өзге, күшіктер бауырын көтеріп жүре бастаған кезде иелері оны ит ататын мекемелерге өткізуі тиіс.Кезбе иттердің көзін жою мәселесі де ескерілген.Жаңа ереже бойынша кәмелетке толмаған жасөспірім мен мас адамға итті серуенге шығаруға тыйым салынады. Тұрғындар санитарлық-малдәрігерлік талаптарды бұлжытпай орындауы және иттерді байлап ұстауы қажет. Ал ит пен мысық ұстау ережесін бұзғандар 3 айлық есептік көрсеткіш шегінде, адам денсаулығына зиян келтірілген жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

 

Бақытбек Кенешұлы.