Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Коронавирустан емделіп жатқан 10 адамның жағдайы тұрақты

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәлім болған дерек бойынша қазір Алматы облысында коронавирус диагнозы анықталған 10 адам бар. Оның ішінде сегіз науқас Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар орталығында оқшауланған.

Алматы облысы: Коронавирустан емделіп жатқан 10 адамның жағдайы тұрақты

- Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында 8 науқас коронавирус диагнозымен ем қабылдап жатыр. Бүгінгі тексерулердің нәтижесі бойынша науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. Дене қызуы бірқалыпты, - деп жауап берді науқастардың жай-күйі жайында қойған біздің сауалымызға облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданындағы орталық ауруханда бір науқас коронавирус диагнозы бойынша ем қабылдауда екен. Оның да денсаулығы қанағаттанарлық. Ал облыстағы індет жұқтырғандар тізіміндегі тағы бір тұрғын Алматы қаласындағы инфекциялық ауруханаға орналастырылған. Қазір науқастың жағдайы оңалып келеді екен.

Айтпақшы, аймақтағы жұқпалы індет белгісі анықталған 1995 жылы туған азаматшаның аяғы ауыр болғаны жайында бұған дейін хабарлаған Ол Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған кезде жүктіліктің 21-22 аптасында болған. Қазір жүкті әйел дәрігерлердің рекше бақылауында екен. Өзін жақсы сезінеді. Бүгінгі тексеру қортындысы бойынша науқастың дене қызуы - 36.6 градус болған, ал қан қысымы 110/80 көрсеткішінде тұр.

 

Алматы облысы