Әлем • 06 Сәуір, 2020

Оңтүстік Кореяда қашықтан оқу 20 сәуірден басталады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

EBS мемлекеттік білім беру каналы бойынша Оңтүстік Кореяның 1−2-сынып оқушылары 20 сәуірден бастап қашықтан оқу жүйесіне көшетін болады.

Оңтүстік Кореяда қашықтан оқу 20 сәуірден басталады

Regnum мәліметтері бойынша тиісті білім бағдарламасы дайын.  Бұл сыныптарда оқитын оқушылар үшін интерактивті жүйедегі оқу бағдарламасы қарастырылған.

Оның барысында әрбір оқушыға жазбаша тапсырма мен қосымша материалдар топтамасы беріледі. Соның нәтижесінде оқушылар тапсырмаларды EBS мемлекеттік білім каналын көре отырып орындайтын болады. Балалардың сабаққа қатысуы арнайы сайт арқылы немесе ата-аналармен байланыс барысында анықталып отырады. Ал ел үкіметінің шешіміне байланысты мектептердің деңгейіне қарай оқушылар  9, 16, сәуірден бастап та  қашықтықтан оқу жүйесіне қосылады.