Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Шымкент: Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен мәжіліс өткізді

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді.
 

Шымкент: Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен мәжіліс өткізді
Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды.
 
Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді.
 
Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет тарапынан берілетін түрлі төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлем және т.б.) алады. Аталған төлемдер түскенде қаладағы банкоматтар алдында үнемі ұзын-сонар кезек қалыптасады. Бұл жағдай індеттің таралуына өте ыңғайлы. Сондықтан қаладағы базарлар мен сауда орындары, дүкендер мен дәріханаларда посттерминал орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның қауіпсіздік мақсатта қолға алынғанын ұғындыру, еріктілер көмегімен банкоматтар алдында кезекте тұрғандарға банктік картаға өту бойынша кеңестер беруді ұйымдастыру аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына тапсырылды.
 
Ең бастысы тұрғындар арасында қолма-қол ақшасыз карта көмегімен есеп айырысудың пайдалы әрі қауіпсіз екендігін түсіндіру жауаптыларға міндеттеліп, қала шетінде орналасқан тұрын алаптарға интернет желісін тарту немесе телефон арқылы төлем жасау тетігін қарастыру жайы жан-жақты сөз болды.
 
Қала әкімі М.Әйтенов күн сайын таңғы 09.00-де басшылардың қатысуымен қашықтықтан өтетін мәжілісте атқарылған жұмыстар талданып, кешкі 20.00-дегі жиында алда атқарылатын іс-шаралар қаралатынын жеткізді.
 
Шымкент