Қазақстан • 06 Сәуір, 2020

Отызға жуық елде Mastercard төлемдері ПИН кодсыз жасалады

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Mastercard ПИН-кодты енгізбейтін төлем жүйесін 29 елде, оның ішінде Қазақстанда жүзеге асыра бастады. Бұл аймақтағы пайдаланушылар үшін төлем жасау мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Отызға жуық елде Mastercard төлемдері ПИН кодсыз жасалады

Еуропадағы өнімдер мен инновациялар жөніндегі атқарушы вице-президенті  Милан Гаудердің айтуынша, «Mastercard түйіспесіз төлем технологиясын ендірген сәттен бастап оны қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың жеңіл, қауіпсіз әрі жылдам жолы ретінде ілгерілетіп келеді. Түйіспесіз технологияны қолданатындар ғана төлем жасау кезінде барынша кең мүмкіндікке қол жеткізіп қана қоймайды, сонымен бірге, бұл технология адамзат бастан өткеріп жатқан сын-тегеуріндер жағдайында қосымша мүмкіндіктер ұсынып отыр».

Mastercard-тың бірқатар бастамалары Еуропа елдерінде түйіспесіз карталар мен мобильдік құрылғылар арқылы төлем жасау көрсеткіші күрт артқан. Атап айтқанда, Mastercard-тың Еуропадағы бүкіл транзакцияларының 75%-ы енді түйіспесіз төлем арқылы жасалады. ПИН-кодты енгізбестен түйіспесіз төлем жасау сомасының артуы арқасында карта иелері мен сауда кәсіпорындары ПИН-кодты енгізбестен қолма-қол ақшасыз әрі жылдам, әрі қауіпсіз төлем операцияларын жасай алады.

«Mastercard алғашқы болып түйіспесіз төлемдердің әлеуетін бағалап, ағымдағы жылдың  қаңтарынан бастап бүкіл терминалдарды осы технологияға бағыттаған. Енді күнделікті төлемдерді жасау кезінде түйіспесіз төлемдерге артықшылық беріле бастады.   

29 елдің ішінде Ұлыбритания, Ирландия, Эстония және Польша төлем сомасының шекті мөлшерін үнемі арттырып отыратын көшбасшы елдер қататрында болса, Нидерланд, Греция мен Қазақстан өз азаматтарына осындай қиын кезеңде түйіспесіз төлемдерді жеңіл жасау мүмкіндігін беріп отыр.

Қазақстанда ПИН кодты енгізбестен 5000 теңгеге дейін төлем жасауға болады. Ендігі кезекте бұл сома 20 000 теңгеге дейін артады.