Технология • 06 Сәуір, 2020

Microsoft 21 сәуірден бастап Microsoft 365 қызметін ұсынады

877 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Microsoft компаниясы 21 сәуірден бастап Office 365 – Microsoft 365 деп аталатын жаңа қызмет түрін ұсынады. Microsoft 365 –  бұл жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктерін, әртүрлі мазмұн мен үлгілерді, сондай-ақ мәтін, презентациялармен және безендірумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру үшін бұлтты есептеулерді қолданатын Office 365 эволюциясы. Жақындарымен байланысты нығайтуға, отбасылық және достық қарым-қатынасты қарапайым әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет деуге негіз бар. Жаңа мүмкіндіктер 21 сәуірден бастап қолоданыста болады. Ал келесі айларда 38 миллионнан астам Office 365 жазылушылары оларға біртіндеп қол жеткізеді деп болжанып отыр.

Microsoft 21 сәуірден бастап Microsoft 365 қызметін ұсынады

Microsoft 365 құрамындағы жаңа шешімдер отбасының сандық және физикалық әлемде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленген Microsoft Family Safety жаңа бағдарламасы болып табылады. Ол әркімнің жақын адамдарымен аса маңызды жағдайларда бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Microsoft Teams-тың жаңа мүмкіндіктері.

Ақырында, Microsoft Edge браузері Password Monitor парольдерін тексеру жүйесі және Жинақтау функциясымен зерттеулерді жеңілдету арқылы ғаламторда қорғау мүмкіндіктері. Осы сілтеме бойынша Edge барлық жаңа мүмкіндіктері туралы толығырақ білуге болады. Skype және Microsoft Teams да жақын жандар үшін тиімді.

Соңғы уақытта 40 млн адам күнделікті Skype пайдалана бастады, бұл 70% айлық өсімге сәйкес. Skype арқылы қоңыраулардың ұзақтығы бір айда 220%-ға өскен. Адамдарға жылдам қоңырау шалуға көмектесу үшін, Жиналыс (Meet Now) деп аталатын Skype жаңа тегін функциясы іске қомылды. Онда үш рет басу арқылы бейне кездесу жасауға мүмкіндік береді. Қырық миллионнан астам адам жұмысында Microsoft Teams қолданады. Microsoft Teams  – чаттарда сөйлесуге, қоңырау шалуға, видеоконференциялар өткізуге және бір қосымшада бірлескен жұмыстың басқа да мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін командалық жұмыс орталығы. Teams-та маңызды ақпаратты сақтауға арналған құралдар қосылады, мысалы Wi-Fi парольдері және аккаунттар деректері, сіз тіпті жақындардың үйге, жұмысқа немесе мектепке барғанда геолокациялық жаңартуларын қадағалауға болады.

Microsoft Family Safety жаңа қосымшасы отбасыларға ғаламторда және нақты әлемде пайдалы әдеттерді қалыптастыру үшін құралдар мен талдауларды ұсына отырып, жақындарын қорғауға көмектеседі. Бұл Android және Xbox құрылғыларында, Windows бар дербес компьютердегі экран уақытын басқаруға мүмкіндік береді.

Microsoft Family Safety  бағдарламасы балалардың Xbox-та, Windows 10 бар дербес компьютерде және Android телефондарымен уақытты қалай жұмсайтынын түсінуге, баланың ғаламторда болған кезінде жасына сәйкес келмейтін мазмұнды пайдалануды шектей алады.

Microsoft Editor жасанды интеллект негізіндегі Editor қызметіне ауқымды қосымша. Editor қызметі 20-дан астам тілдерде, оның ішінде орыс тілінде, Word, Outlook.com және Microsoft Edge, Google Chrome браузерлері үшін жеке кеңейту ретінде қолжетімді.

PowerPoint – тағы Presenter Coach көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын жеңуге көмектеседі. Microsoft PowerPoint Presenter Coach екі жаңа функциясын ұсынды: сөйлеудің монотондылығын анықтағыш (monotone pitch) және сөйлеуді пысықтау. Presenter Coach сіздің дауысыңыздың үнін тыңдайды және нақты уақыт режимінде сөйлеуді эмоционалды бояулы етеді, сондай-ақ грамматикамен көмектеседі: ұсынысты қалай сауатты құруға кеңес береді. 

Мектеп, жұмыс немесе отбасы жобасын жылдам бастау және уақытты үнемдеу үшін Microsoft 365 жазылушылары Word, Excel және PowerPoint-те 200-ден астам сыйлықақылы үлгілерге эксклюзивті қол жеткізе алады. Үлгілер өте оңды резюмені, үйлену тойына шақыртуды, баланың туған күніне арналған ашық хатты жасауға, жаңалықтарды жіберуге және т.б. жасауға көмектеседі.