Технология • 06 Сәуір, 2020

Apple 20 миллионнан аса маска мен қорғаныс экранын шығарды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық Apple компаниясы COVID-19 індетімен күреске үлес қосып, 20 миллионнан аса медициналық маскалар мен қорғаныс экранын әзірледі. Бұл туралы компанияның бас директоры Тим Кук Twitter-де хабарлады.

Apple 20 миллионнан аса маска мен қорғаныс экранын шығарды

«Біз әлемнің тұс-тұсына жеткізе алатын маскалардың саны 20 миллионнан асты. Шын мәнінде, бұл – жаһандық бастама. Біз бұл маскалардың, ең алдымен, мұқтаждарға жеткізілуі үшін барлық деңгейдегі атқарушы билікпен тығыз жұмыс істеуді жалғастыра береміз», деп мәлімдеді Т.Кук.

Apple басшысы компания осы аптадан бастап апта сайын миллионнан аса маска мен қорғаныс экранын жеткізуді жоспарлап отырғандарын атап өтті. Қазіргі кезде жеткізу АҚШ аумағында қолға алынды және компания жақын арада бұл бастаманың географиясын кеңейтіп, шет елдерге де шығаруды көздеп отыр.