Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Алматы қаласының мектептері қашықтан оқу тәртібіне көшті

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Алматы қаласының мектептері қашықтан оқу тәртібіне көшті. Осыған байланысты Алматы қаласы Білім басқармасы әртүрлі әдістер мен балалар үшін ыңғайлы болып табылатын сабақтардың жүйесі жасалды.  

Алматы қаласының мектептері қашықтан оқу тәртібіне көшті

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша пәндерден сабақтардың бейнежазбалары, сондай ақ 4-тоқсанның материалдары бойынша жүзден астам сабақ түсіріліп, студиялық жазбаға қаланың үздік педагогтары тартылды. Білім басқармасының Youtube каналымен қатар, барлық сабақтар «Алматы», «Балапан», «Еларна» каналдарынан көрсетіледі.

Педагогтар үшін 4-тоқсан бағдарламасы бойынша тірек конспектілер https://bilimalmaty.kz/predmety әзірленді. Тірек конспектілерде сабақтардың тақырыптары, қағаз және электронды көздердің сілтемелері, материалдың қысқаша мазмұны, оқушыларға арналған тапсырмалар берілген. Сондықтан мұғалімде сабақтың жалпы құрылымы болғандықтан, өзінің толықтырулары мен түзетулерін енгізе отырып өткізуге мүмкіндік алады.

Мектеп қорынан мұқтаж отбасылар мен оқушыларға, педагогтерге 10 000-нан астам компьютер берілді. Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасымен төрт немесе одан да көп балалы отбасыларға арнап 1500-ден астам қосымша компьютерлік техника сатылып алынды.

Қашықтан оқыту бойынша туындаған мәселелер мен сұрақтарға жауап беретін сall-орталықтары құрылды.

Педагогтар мен оқушыларға сабақ барысында kundelik.kz, bilimland.kz, daryn.online, Whatsapp, Telegram, т.б. платформалар қолжетімді болады.

Қашықтан оқыту жүйесінің жұмысы оқу жылының соңына дейін жалғасады.

Алматы қаласы Білім басқармасының фейсбук желісіндегі парақшасында қаладағы оқушылардың оқуын жалғастыруын және дағдылы оқу үдерісіне кірісіп кетуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалатындығы айтылған.

 

АЛМАТЫ