Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Павлодарға Түркиядан ұшып келген 34 адам Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  облыс әкімідігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері осылай тиісті келісімге келген.

Павлодарға Түркиядан ұшып келген 34 адам Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді

Облыс  орталығынан Түркиядан ұшып  келген жолаушыларды арнайы автобуспен Нұр-Сұлтандағы бақылау-өткізу пунктіне дейін жеткізген. Арнайы жасақталған автобус елордалық тұрғындарды карантиндік госпитальден Нұр-Сұлтандағы бақылау-өткізу пунктіне дейін жеткізеді. Сол жерден оларды елорданың әкімдігі жіберген арнайы көлік күтіп алады.

Барлық рәсімдер эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар режимін қатаң сақтай отырып жүргізілген. Әкімдіктің хабарлауынша, қалған жолаушылар, оның ішінде облыс  орталығы және өңір тұрғындары карантиндік госпитальде қалады.

Олар осы жерде 14 күнге созылатын медициналық бақылауда болады.

- Отандастарымыздың ешқайсысынан COVID-19 белгілері табылған жоқ. Барлығының дені сау. Енді олар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады,-деді БАҚ өкілдерімен өткен жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Біржан Досмаилов.

 

ПАВЛОДАР