Көне шаһарда жаңа ғимараттардың құрылысына өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері атсалысуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездеме отырысында басқармалар, департаменттер ғимараты, конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, оқушылар сарайы, стадион, цифрлық кеңсе, бассейні бар спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, қалалық саябақ, драма театр, ғылыми-әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі орталығы, Қ.А.Яссауи мұражайын биыл пайдалануға беру жоспарланғаны айтылды. Бұдан бөлек, әкімшілік-іскерлік орталығында 7 инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Барлық құрылыс алаңдарында санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілген.
Аппарат отырысында, сондай-ақ облыс бойынша шектеу шараларының көшейтілуі, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Алты мыңға жуық азаматқа 42500 теңге көлемінде төлем тағайындалған. Қазіргі таңда барлық аудан, қалаларда жұмыс штабтары құрылған. Электронды мемлекеттік порталы арқылы да өтініш қабылданады. Әзірге 1366 адам өтініш берген.
Түркістан облысы