Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

7 сәуірден бастап Алматыда жүруге болатын барлық рұқсатнама күшін жояды

9818 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбі, 7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге болатын барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте мәлім болды.

7 сәуірден бастап Алматыда жүруге болатын барлық рұқсатнама күшін жояды

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылғаны белгілі. Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді. Аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданып, мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берген еді.

Алайда, қала тұрғындары түрлі форматтағы рұқсат қағаздарын көрсеткен жағдайлар жиілеп кетті. Жедел штаб ешқандай рұқсат қағаздар мен арнайы рұқсатнама берілмейтінін ресми мәлімдейді. Тек электронды база ғана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда рұқсат алуға өтініш жіберген барлық кәсіпкерлерге рұқсат беру немесе дәлелді бас тартуы бар электрондық хаттар жіберілді.

Деректерді толтыру кезіндегі қателіктердің көп болуына, базада жекелеген қызметкерлер мен автокөліктердің болуы немесе болмауына байланысты кәсіпкерлер Алматы полиция департаментінің байланыс орталығына 254 40 07 телефоны арқылы немесе business_stab@almatydc.kz электрондық поштасы арқылы тексеруі керек.

 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20