Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

СҚО тұрғыны Павлодар облысына блок-постты айналып өтпек болған

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқықбұзушы ер адам тұтқындалды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

СҚО тұрғыны Павлодар облысына блок-постты айналып өтпек болған

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны полицейлердің талаптарын елеместен блок-посты айналып өтіп, Павлодар облысының шекарасын заңсыз кесіп өтпекші болған.

- 30 жастағы ер адам Ақмола облысынан «Павлодар-Қарағанды» тас жолындағы блок-постқа дейін жолай келіп, онда басқа облыс тұрғындарының кіруіне тыйым салынғанын көреді,-деді облыстық полиция департаментінде. – Кейін ол Павлодар аймағының аумағына заңсыз жүгіріп өтеді. Өңір аумағына ерекше кіру тәртібін бұзғаны үшін СҚО тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция департаменті бір тәулік ішінде блок-посттар арқылы облысқа 25 автокөлікті өткізілмегенін атап өтті. 1 сәуірден бастап тоғыз бекетте 130 машина кейін қайтарылды.

Блок-посттар тәулік бойы 1 сәуір сағат 00:00-ден бастап жұмыс істейд және Павлодар облысының барлық бағыттары бойынша қойылған.

Полиция қызметкерлері талаптарды орындамағаны және төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау қаупін төндіретінін ескертеді. Айта кетерлігі, бүгінгі күні облыс бойынша ҚР ӘҚБК 476-бабын бұзылған 144 оқиға тіркелді.

 

Павлодар облысы