Байқауға қатысуға ғалымдар, докторанттар, студенттер, кәсіпкерлер, стартаперлер, сондай-ақ коронавирусқа қарсы күресуде бірегей идеялары бар барлық ниет білдірген қазақстандықтар шақырылды.
3 сәуірде өтінімдерді қабылдау аяқталды. Байқау қоржынына еліміздің әр аймағынан 141 өтінім түсті.
«Байқауды ұйымдастырушылар ретінде біз байқаудың жоғары қызығушылық тудырғанына қуаныштымыз. Бұл біздің қоғамымыздың белсенді азаматтық ұстанымын және қазакстандардықтын пандемияға қарсы күресте мемлекетке көмек көрсету ниетін көрсетеді» – деп атап өтті «Ғылым қоры» АҚ басшысы Арын Өрсариев.
Бұл байқауға жеке тұлғалармен қатар 12 ЖОО,14 ҒЗИ, сондай-ақ түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты. Байқаудың ең жас қатысушысы 19 жаста, аға қатысушысы 87 жаста, 44% (62 өтінім) астамы 40 жасқа дейінгі қатысушылар.
Жобалық ұсыныстар мынадай бағыттар бойынша бөлінді: коронавирустың алдын алу (40), коронавирусты емдеудің негізгі тәсілдері, емдеуде қолданылатын жаңа өнімдер мен құралдар (51), коронавирустың таралуының алдын алу шараларын ұйымдастыру (24), коронавирустың таралу салдарын еңсеру шаралары (26 өтінім).
Ең көп өтінімдер саны Алматыдан -75 және Нұр-Сұлтаннан - 33 келіп түсті. Өңірлер арасында Қарағанды облысы – 8 өтінім, Атырау, Өскемен және Жамбыл облысы 4 өтінімнен ұсынып белсенділік танытты.
Ұсынылған жобалар мен идеялар негізінде Байқау комиссиясы алдағы күндері өтінімдерді алдын ала іріктеуден өткізеді. Келесі кезеңде өткен қатысушылар өздерінің жобаларын онлайн режимде танымал Фейсбук желісі базасында қорғайтын болады. Бұл шаралар байқау жеңімпаздарын анықтау кезінде (ағымдағы жылдың 16 сәуіріне дейін) барынша ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз етеді.
Байқау қорытындысы бойынша іріктелген жобалар Үкіметтің, сондай-ақ мүдделі инвесторлардың қарауына жіберіледі.