Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының алты жаңа дерегі анықталды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы да алты дерегі тіркелді. Індетті жұқтырғандар Қордай ауданының 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылы туған тұрғындары болып шықты.

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының алты жаңа дерегі анықталды

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылы 17 наурыз күні Қордай ауданына жақын туысын жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жасар тұрғынынан коронавирус індеті анықталған. Бүгінде науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау, оларды карантиндік стационарға орналастыру, зертханалық зерттеу үшін талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиялық қызметі олардың тұратын және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу шараларын жүргізуде.

Жамбыл облысы