Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Түркістан: 1400-ге жуық жұмыссыз қалған бизнес өкілдерінен өтініш түскен

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табысынан айрылған азаматтарға берілетін 42,5 мың теңге көмекті алу үшін Түркістан облысында 1400-ге жуық жұмыссыз қалған бизнес өкілдерінен өтініш түскен. Өтінімдер саны күн санап көбеюде.

Түркістан: 1400-ге жуық жұмыссыз қалған бизнес өкілдерінен өтініш түскен

Бұл орайда кәсіпкерлердің мәселесімен «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында арнайы құрылған  штаб айналысуда. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры М. Ибадуллаев кәсіпкерлерге тиесілі көмекті қалай алуға болатынын түсіндірді. «Еңбекақысы сақталмаған демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмыскерлері, карантин енгізілген елді мекендерде ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері, жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтын жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар, міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар, сондай-ақ, коммерциялық емес заңды тұлға жұмысшылары жаңа әлеуметтік төлем алу үшін «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты қызметкерлер тізімін қоса, өтінішті жолдайды», деді палата директоры. Сондай-ақ М.Ибадуллаев сайт арқылы жәрдемақы алу алгоритміне тоқталып, әлеуметтік төлем бірінші кезекте төтенше жағдай кезінде кірісінен айрылған азаматтарды қолдауға бағытталғанын атап өтті.

 

Түркістан облысы