Әлем • 06 Сәуір, 2020

Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды.

Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды

Осыдан 10 күн бұрын Борис Джонсон коронавирусқа тест тапсырып, оның нәтижесі коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Бүгін ол тексеру жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды.

Der Spiegel «Премьер-министр өз дәрігерінің кеңесімен тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді» деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, үйінен жұмыс істеген болатын.