- Коронавирус таралуының алдын алу іс-шараларына қатысатын тұлғалар: жедел жәрдем саласының медициналық қызметкерлері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері.
- Медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатындар
- Тыныс алу ағзаларының ауыр созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар;
- Ауруханаға жатқызылмаған респираторлық симптомдары (ЖРВИ, пневмониялар, ЖРА) бар науқастар;
- Ауруға шалдығушымен ықтималды қатынастарда болған қатарға жататын тұлғалар;
- Автоөткелдер мен темір жолдардағы мемлекеттік шекарадан өткізу бөлімшелері арқылы Қазақстанға сапарлап келетін азаматтар;
- Коронавирус таралуының алдын алуға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, ҰҚК, Кеден қызметі, Әкімдіктер қызметкерлері;
- Карантиндік аймақтардың тіршілік қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлер (коммуналдық қызметтердің, тағам өнімдерін, дәрі-дәрмектер өткізетін сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, көлік тасымалының, ПИК қызметкерлері, дезинфекция қызметін көрсететіндер және т.б.);
- Тек эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша өзге тұлғалар.
COVID-19 экспресс-тест тексеруінен өту үшін не істеу керек?
- ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының https://formcovid.eisz.kz/index.html сайтында сауалнама толтыру
- Эпидемиологиялық іріктеу көмегімен бірінші кезекте тест тексеруінен өткізілетін азаматтардың санаттары көрсетілген.
- Азаматтардың осы санаттары коронавирус экспресс-тест тексеруінен тегін өтеді.
COVID-19 тест тексеруінен өту рәсімі
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін COVID-19 тест тексеруінен өту рәсімі басқа талдаулар қабылданбайтын, қатаң түрде биоматериал алу үшін белгіленген бөлімшелерде өткізіледі (сауалнамаларды іріктеу қорытындылары бойынша).
- Пациенттер экспресс-тест тексеруіне қатаң түрде көрсетілген уақытта шақырылады және өз кезегін өзара 1,5-2 метр арақашықтық сақтап, көшедегі қан тапсыру бөлімшелерінің алдында күтеді және орынжайға бір-бірден шақырылады.
- Кіретін және шығатын пациенттер легі екі жаққа бөлінеді.
- Медициналық бетперденің болуы міндетті.
Тест қайда және кім арқылы өкізіледі?
- Жедел жәрдем бригадалары (шұғыл шақыртулар).
- Зертханалық қызметтердің мобильді бригадалары, арнайы жасақталған бөлімшелерде (тек шақыру бойынша).
- Авто және темір жол өткелдерінде (ҚР аумағына сапарлап келетін азаматтар үшін).
- Стационарларда (тек медициналық көрсетілімдер бойынша)
COVID-19 экспресс-тест неден тұрады?
- Экспресс-тест бірнеше реагент жағындысымен ендірілген тест-жолағы бар бір реттік пластик құрылғыдан тұрады.
- Тест өткізу үшін күрделі құрал-жабдық қажет емес. Талдауға қан саусақтан алынады, барлық пайдаланылатын құралдар стерильді және бір реттік.
- Осындай тест өткізу нәтижесін 15 минут ішінде алуға болады.
COVID-19 экспресс-тест нәтижесі сенімді ме?
- Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясының диагнозы қойылмайды, өйткені онда ағзадағы вирус анықталмайды, тек оған деген иммундық жүйенің реакциясы бағаланады.
- Экспресс-тестілер сенімділігі 90%-дан аспайды, сондықтан 10% дейінгі жағдайда әрі жалған-теріс, әрі жалған-оң нәтижелер алуға болады.
- Диагнозды растаудың негізгі әдісі бұрынғыша коронавирус РНҚ анықталатын аңқадан алынатын ПТР жағындысы болып табылады.
Егер COVID-19 экспресс-тест теріс нәтиже көрсетсе:
- Теріс тест нәтижесін алу инфекцияның жоқ екенін немесе инфекция жұқтырудың таяуда болғанын, ал антиденелердің әлі түзіліп үлгермегенін айғақтай алады.
- Вирустың осылай тасымалдануы қоршаған қауымға қауіпті болуы мүмкін, сондықтан егер сіз карантинде болсаңыз, оқшауланған күйде қалып, барлық профилактикалық шараларды қадағалау керек.
- Карантин аяқталғанда инфекция жұқтыруды түпкілікті жоққа шығару үшін қайталап тест өткізу қажет.
COVID-19 экспресс-тестісінің жұмыс істеу қағидаты
- Тест қағидаты SARS-CoV-2 (COVID-19) коронавирусына IgG/IgM класс антиденелерін қанда анықтауға негізделген. Инфекция жұқтырудан кейін 7-10 күн өткенде бірінші болып IgM класс антиденелері өндіріледі. Олар аурудың жедел сатыда екенін айғақтайды.
- Инфекция жұқтырудан кейін 2-3 апта өткен соң IgG класс антиденелері өндіріледі, ол инфекцияның көтерімді өткенін және қалыптасқан иммундық жауапты білдіреді.
- Егер адамда IgM класс оң антиденелері (немесе IgM және IgG оң антиденелерінің екі класы) табылса, онда инфекция жұқтыру 7-14 күнге жуық уақыт бұрын орын алған.
- Егер IgG класс оң антиденелері табылса – бұл бұрын осы адамның коронавируспен байланысы болғанын немесе осы инфекцияны иммундық жауап қалыптасуымен көтергенін білдіреді.