Бұл вирус қабындағаннан бергі алып апта ішінде тіркеліп отырған алғашқы қуантарлық жағдай. Өйткені, елде 130 мыңға жуық адам дерт жұқтырса, оның 16 мыңдайы көз жұмған.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл ілгерілеушілік 9 наурыздан бастап жүргізілген елдегі оқшаулау шарасының нәтижесі екен. Үкімет алда коронавируспен күресудің келесі кезеңіне дайындық шараларын қарастырып жатқан көрінеді. Бұл туралы кеше елдің Денсаулық министрі Роберто Сперанза мәлімдеді.