Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Түркістан: Дәрігерлер өмірден баз кешпек болған азаматты аман алып қалды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кентау қаласының 42 жастағы тұрғыны «Тасарық» су арнасындағы көпірден секіріп, бұл өмірден баз кешпек болған. Абырой болғанда полиция қызметкерлері жігіттің суға батқанын көріп, тез арада құтқарып қалды.

Түркістан: Дәрігерлер өмірден баз кешпек болған азаматты аман алып қалды

Алайда суға батушыда тіршілік белгісі жоқтығын аңғарған тәртіп сақшылары шұғыл түрде жедел жәрдем қызметкерлерін көмекке шақырған. Құтқару тобы 7 минутың ішінде келіп жеткен. Медицина қызметкерлері келгенде азаматтың тыныс алуы тоқтап, клиникалық өлім орын алған. Оң нәтижелі медициналық көмектің арқасында азамат 2 минуттан соң өзіне келген. Жедел жәрдем көлігімен Кентау қалалық ауруханаға жеткізіліп, қосымша емдік шаралары көрсетілді. Өміріне ешқандай қауіп жоқ.  Дәрігерлер өзіне қол жұмсамақ болған науқас жүйке жүйесінің ауытқуы бойынша диспансерлік есепте тұратынын айтуда.

Түркістан облысының жедел жәрдем қызметкерлері жыл басынан бері 160 мыңнан астам шақыртуға шыққан. Оның ішінде  10 адамның өміріне араша түсіп,  аман алып қалған.

 

Түркістан облысы