Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Қызылорда: Талап сақтасаң, дерт дендемейді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сыр бойында Covid-19 індетін жұқтырғандардың саны  54-ке жетті. Олармен жақын қарым-қатынастағылар 326 адам болса, потенциалды байланыстағылар 518. Олардың  барлығы бақылауға алынып, оқшауланған.

Қызылорда: Талап сақтасаң, дерт дендемейді

 Бүгін өңірлік коммуникация қызметінде брифинг өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов вирус жұқтырғандардың күрт көбеюіне тұрғындардың карантин тәртібін сақтамауы себеп болып отырғанын атап өтті.

Ескертулерді елемегендер отбасылық басқосуларды тоқтатпай, керісінше үдете түскен. Оқшаулану тәртібіне мүлдем құлақ аспайтындар бар. Мысалы, өңірде бойынан ең алғаш коронавирустық инфекция анықталған адам әулетіндегі 21 жанға қауіпті індетті жұқтырып үлгерген. Шиелі ауданындағы 6 науқастың да бір үйдің адамдары екендігі анықталып отыр. Кеше осы ауданнан тіркелген 13 дерек те осындай салғырттықтың салдары.

Облысымызда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны күн сайын өсуі тұрғындардың карантин талаптарын сақтамауынан болып отыр.  Мәселен, кеше кешке Шиелі ауданын анықталған 13 науқастың бәрі отбасылық кешке қатысқан. Қауіпті індетті сол жерде  жұқтырған. Қазір осы аудандағы бір ауыл карантинге жабылды, – деді басқарма басшысы.