Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Шымкент: Науқастармен байланыста болған 75 азамат оқшауланып, медициналық бақылауға алынды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 азамат тіркелді. Бұл науқастардың барлығы 5 сәуір күні індет анықталған 24 жастағы азаматпен тығыз байланыста болған отбасы мүшелері. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім етті.

Шымкент: Науқастармен байланыста болған 75 азамат оқшауланып, медициналық бақылауға алынды

Басқарма өкілінің айтуынша, індетті жұқтырған отбасы мүшелері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында бақылауда болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың барлығына қажетті ем тағайындалды, жағдайлары қанағаттанарлық. 

Науқастармен байланыста болған 75 азамат анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. 

Қазіргі таңда Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан 19 жағдай тіркелген. Сонымен қатар, Түркістан облысынан 2 науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Бұл науқастарға жансақтау бөлімінде тиісті ем көрсетілуде.

 

Шымкент