Әлем • 07 Сәуір, 2020

А.Меркель: Бұл - Еуропа үшін үлкен сынақ

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берлинде өткен баспасөз мәслихатында ГФР канцлері Ангела Меркель коронавирус Еуроодақ құрылғаннан бергі кездескен алғашқы үлкен сынақ болып отырғанын айтты.

А.Меркель: Бұл - Еуропа үшін үлкен сынақ

«Менің ойымша, күллі Еуропа, Еуропа одағы үлкен сынақтың алдында тұр. Халқымыздың денсаулығы сыналатын уақыт. Бұл мәселе одаққа мүше мемлекеттердің барлығына да қатысты. Сондықтан Германия да басқа мемлекеттер сияқты одақтың бұл тығырықтан сүрінбей шыққанын қалайды» деді канцлер.

«Пандемияның да аяқталар кезін кесіп айту қиын. Нақты уақытын болжау тіпті мүмкін емес. Қазір уақыт болжап отыратын да уақыт жоқ» деп түйіндеді ол. Оған қоса мәселені шешуге медицина қызметкерлері әлеуметтанушылар мен экономистермен бірлесіп жұмыс істеуі керегін айтты. 

Сонымен қатар алдағы күндерге жоспарланған Қаржы министрлерінің отырысында пандемия кезінде экономиканы ынталандыру шаралары талқыланатынын жеткізді.

«Одақ мүшелерінің экономикасы тығыз байланысқанын білеміз. Еркін тауар айналымы болмаса, қандай қауіп төнетінін де көріп отырмыз. Сондықтан жақсы жұмыс істейтін Еуропа болуымыз керек. Бұл барлық мемлекетке қатысты» деді А.Меркель.