Әлем • 07 Сәуір, 2020

Борис Джонсон британдықтарға хат жолдады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британия тұрғындары Премьер-Министрден хат алды. Борис Джонсон британдықтардан үйден шықпауын сұраған. 

Борис Джонсон британдықтарға хат жолдады

Б.Джонсон британдықтардан инфекцияның таралуын тежеу үшін үйден шықпауын сұраған.

«Сіздердің қандай жағдайға тап болғандарыңызды түсінемін. Алайда Ұлттық денсаулық сақтау қызметі осынша көп адамды емдеп шығуға қауқарсыз екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан адам өлімі көп болуы да мүмкін. Инфекцияның тарауын тоқтатудың жалғыз жолы – үйден шықпау. Жалғыз әрі алтын ережені бұзбауыңызды өтінемін» делінген хатта. Бұған дейін Үкімет жұмыссыз қалғандарға көмек беретініне уәде еткен болатын. Ал қазір Британияда зейнетке шыққан медицина қызметкерлері коронавируспен күрес жұмыстарына тартылып, мыңдаған ерікті госпитальдарда қызмет етіп жүр.

Борис Джонсонның ауруханаға түсіне байланысты, Британия Үкіметін Сыртқы істер министрі Доминик Рааб уақытша басқаратын болды. Премьер-Министр кеңсесінің ақпаратына сай, уақытша басшыны Борис Джонсон өзі тағайындаған.

Премьер-Министрдің коронавирус жұқтырғаны 27 наурызда белгілі болған еді. Содан бері саясаткер оқшауланып, үйінен жұмыс істеген-ді. Дүйсенбі күні жағдайы нашарлап, ауруханаға жатуға мәжбүр болды.