Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

BizBirgemiz қоры көмекке мұқтаж 23 мыңдай адамға 50 мың теңгеден бөледі

2781 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінгі онлайн-брифингте Алматыда қалалық Әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева алықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни көмекке мұқтаж жандарға қандай көмек көрсетіліп жатқандығы туралы баяндады.

BizBirgemiz қоры көмекке мұқтаж 23 мыңдай адамға 50 мың теңгеден бөледі

Рахат Шимашеваның айтуынша, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қалада көмеккке мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсетіліп отыр. Қаражат республикалық және жергілікті бюджеттерден, сонымен қатар BizBirgemiz және «Жаңа Алатау» қорларынан бөлінуде.

Мәселен, карантин енгізілуіне байланысты жедел телефон желісіне 11 мыңнан астам қоңырау қабылданған. Өз кезегінде Әл-ауқат басқармасының басшысы атқарыдып отырған тірліктерді төмендегідей ретпен мәлімдеді.

I. Қолданыстағы қолдау шаралармен қамтылмаған мұқтаж жандарға «Жаңа Алатау» қоры мен «Нұр Отан» партиясының демеушілік қаражаты есебінен азық-түлік жиынтығы және санитарлық-гигиеналық өнімдердің пакеттері түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бүгінгі таңда аталған себеттер мен жиынтықтарға тапсырыс келіп түскен 5,2 мың адам ие болды. Олардың қатарында үйде отырғанжалғызбасты зейнеткерлер, 2019 жылдың аяғында АӘК алушылар, 2020 жылдың АӘК-тің жаңа талаптарына сәйкес келмейтін азаматтар, сенім телефонына өтініш бойынша басқа да мұқтаж азаматтар бар.

Бұл көмек нақты мұқтаж адамдарға Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қалалық іс-шаралар жоспарының 23-тармағына сәйкес көрсетіледі.

II. Елбасының бастамасымен құрылған BizBirgemiz қоғамдық қоры халықтың әлеуметтік осал топтарынан 23 мыңнан астам адамға 50 мың теңгеден төлеуге шамамен 1,2 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр.  

Осылайша, 1-топтағы мүгедектер, мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар сияқты санаттағылар көмектердің бірнеше түрін алады. Бұл BizBirgemiz қорынан беріледі, яғни 2 АЕК мөлшеріндегі төлемдер.

III. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төтенше жағдай режимі кезінде 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына сәйкес,азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру тәртібі бекітілді. Бүгінгі таңда аталған азаматтарға кемінде 2 айлық есептіп көрсеткіш) көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Республикалық бюджет қаражатынан

244,1 млн.теңгеге 43,8 мың адамға төленді.

Еңбек министрінің бұйрығына еңгізілген өзгерістерге байланысты ІІІ топтағы мүгедектерге, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға 2 АЕК мөлшерінде қосымша төлем жоспарланып отыр.

IV. Мемлекет басшысының төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табыстарынан айрылған әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы тапсырмасы аясында құжаттар қабылдау, сонымен қатар түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Табысынан айырылған 6 мыңнан астам қала тұрғыны мемлекеттен 1 жалақының ең төмен мөлшері (42,5 мың теңге) көлемінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік көмек алды.

Жалпы, осы жәрдемақыны төлеу үшін бүгінгі таңда 83 мыңнан астам адам жұмыс жасайтын кәсіпорындардан 67 мың өтініш келіп түсті